
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан еркін күрестен рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасының қоржына қола жүлде түсті.
86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Болат Сақаев қола медаль иеленді. Ол жарыс барысында сенімді белдесулер өткізіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.
Қола жүлде үшін өткен шешуші кездесуде отандасымыз түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтен басым түсіп, жарысты үздік үштік қатарында аяқтады.
Айта кетейік, бұл сында турнирге барлығы 29 елден 177 спортшы қатысып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1171838?lang=kk

Жауап қалдыру