Медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституциялық реформаның маңызын түсіндіруге арналған жиын Кеңес ауылдық дәрігерлік-амбулаториясында өтті.

Кездесудің басты мақсаты — жаңартылған Ата Заңның маңызы мен оның мемлекетіміздің болашағына тигізер әсерін талқылау.

Жаңа Конституция жобасы кездейсоқ пайда болған құжат емес. Оны әзірлеуге арнайы Конституциялық комиссия жарты жылға жуық уақыт жұмсады. Бұл процестің басты ерекшелігі — ашықтық пен халықтың үніне құлақ түру.

Жиын барысында жаңа Ата Заңдағы өзгерістер, басым бағыттары кеңінен айтылды.

Жаңа Конституция — еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңінің айнасы. Оның өзегінде ең басты құндылық — Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұр. Бұл құжат Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік реформалардың заңды негізі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1171577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді