ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі Кувейт Мемлекетінің аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарына жоғары қырағылық танытуға және болу елдің құзыретті органдарының нұсқауларын қатаң сақтауға шақырады.

Елшілік азаматтарды сабыр сақтауға, жеке қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға және ресми ақпаратты үнемі қадағалап отыруға шақырады.

 

Қазақстан Республикасы азаматтарына:

  • Қазақстан Республикасы паспортын өзіңізбен бірге алып жүру;
  • айналадағы жағдайға мұқият болып, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
  • Кувейт Мемлекетінің мемлекеттік органдарының хабарламаларын және сенімді бұқаралық ақпарат құралдарын бақылап отыру;
  • расталмаған ақпаратты таратпау;
  • Қазақстан Республикасы Елшілігінің қызметкерлерімен байланыста болу.

 

Азаматтық қорғаныс сиреналарының сигналдары

Кувейт Мемлекетінде халықты хабардар ету үшін азаматтық қорғаныс сиреналары жүйесі қолданылады:

  • үзік сигнал – ықтимал қауіп туралы ескерту;
  • толқынды сигнал – төтенше жағдайдың туындауы;
  • үздіксіз сигнал – қауіптің аяқталғанын білдіреді.

 

Сақтық шаралары

Азаматтық қорғаныс сигналдары немесе жергілікті билік органдарының өзге де ескертулері жарияланған жағдайда:

  • ресми нұсқауларды дереу орындау;
  • қауіпсіз орынға (мүмкіндігінше жертөле немесе ғимараттың ішкі бөлмесі) бару;
  • лифт пайдаланудан аулақ болу;
  • терезелер мен сыртқы кіреберістерден алыс болу;
  • ресми ақпарат арналары арқылы жаңартылған ақпаратты бақылауды жалғастыру ұсынылады.

Алдын ала ең қажетті заттардың ең аз қорын дайындау ұсынылады, соның ішінде су, ұзақ сақталатын азық-түлік, қажетті дәрі-дәрмектер, жарықтандыру құралдары, қуаттағыш құрылғылар және құжаттар.

 

Кувейт Мемлекетіндегі шұғыл байланыс нөмірлері:

112 – бірыңғай шұғыл қызмет нөмірі (полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі)

 

Қазақстанның Кувейттегі Елшілігі қызметкерлерінің байланыс нөмірлері:

Оразғожа Елдар (консул): +965 67042545

Волошина Валерия (атташе): +965 50070651

Теипов Абдурасул (кезекші комендант): +965 51421247

 

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастырады және қосымша ақпарат пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарын жедел түрде хабардар етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1171822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді