Республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдермен болатын оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында 2026 жылдың 28 ақпаны мен 2 наурызы аралығында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. ✍🏻Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және оның профилактикасын күшейту, кәмелетке толмағандар тарапынан кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу. Профилактикалық іс-шара барысында білім беру ұйымдары, ойын-сауық орындары, интернет-кафелер мен қоғамдық орындар тексеріліп, ата-аналармен және жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың кешкі және түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүрмеуін бақылауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1171753?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді