
Өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі Оман аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарына жоғары қырағылық танытуға және болу елдің құзыретті органдарының нұсқауларын қатаң сақтауға шақырады. Қазақстан Республикасы азаматтарына:
• Көрші елдерге сапарлардан бас тарту;
• Айналадағы жағдайға мұқият болып, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;
• Оманның мемлекеттік органдары мен сенімді бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қадағалауға кеңес береміз.
Қазіргі уақытта Омандағы жағдай тұрақты.
Төтенше жағдайларда келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз: +968 9612 7672
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1171850?lang=kk

Жауап қалдыру