АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін джиу-джитсу спортынан U-14, U-16, U-18 жастағы спортшылар арасында Ақмола облысының чемпионаты басталып, не-ваза бөлімі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ақмола облыстық джиу-джитсу федерациясының ұйымдастыруымен, қалалық мәслихат депутаты Сәбит Дүкенбаевтың демеушілігімен «Aлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жарыстың деңгейі жыл сайын артуда. Сайысқа биылдың өзінде 300 ге  жуық спортшы қатысып, өз бақтарын сынауда.

Дүбірлі доданың ашылу рәсімінде Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков айтулы бәсекенің қаламызда тұрақты түрде ұйымдастырылуы Қосшы спортының дамуы үшін тың серпін беретінін, жастарымыздың осынау жекпе-жек өнеріне қызығушылығын арттыратынын жеткізіп, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар ел спортына белгілі тұлғалар – Қазақстан джиу-джитсу федерациясының президенті Қуат Әділжанұлы, Ақмола облысының джиу-джитсу федерациясының президенті Мұхит Сартайұлы құттықтау тілектерін білдіріп, спортты жанына серік еткен жас өрендерге жарқын жеңістер тіледі.

Дүбірлі дода ертең джиу-джитсу спортының файтинг бағыты бойынша жалғасын табады. Спорт – тәннің қуаты, рухтың қайраты. Талантты ұл-қыздарымызға жеңіс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1171864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді