Аудан жастары Белсенді өмір сүру орталығының зейнеткерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай аудан жастары тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырды. Мереке аясында олар аудандық Белсенді өмір сүру орталығына арнайы барып, орталықтың зейнеткерлеріне шынайы алғыстарын білдіріп, құрмет көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдерінің қоғам өміріндегі еңбегін дәріптеу, олардың өмірлік тәжірибесін үлгі ету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды. Жастар ардагерлермен еркін форматта жүздесіп, жылы лебіздерін жеткізіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Кездесу барысында зейнеткерлер ел дамуына қосқан үлестері мен өнегелі өмір жолдары туралы естеліктерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Өз кезегінде жастар буыны аға ұрпақтың қажырлы еңбегі мен ел игілігі жолындағы қызметіне ризашылықтарын білдіріп, шағын сыйлықтарын табыс етті.

Мұндай игі шаралар қоғамдағы өзара сыйластық пен қамқорлықты арттырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаттарын нығайта түседі. Алғыс айту күні – бірлік пен татулықтың, мейірім мен жанашырлықтың мерекесі. Осы бағыттағы бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1171947?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді