Халықпен етене қызмет ететін учаскелік инспектор

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шапағатов Біржан ЖеткізгенұлыТүпқараған ауданы полиция бөлімшесі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны.

Ол 1993 жылғы 23 қазанда Ақшұқыр ауылы, Маңғыстау облысы дүниеге келген. 2013 жылдан бері ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарып келеді.

2017 жылдан бастап учаскелік полиция инспекторы қызметін атқаруда. 2023 жылдан бері учаскелік инспекторлар тобының жұмысын ұйымдастыруға жауапты.

Қызметтік аймағы – С.Шапағатов ауылы (шамамен 11 500 тұрғын). Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тұрғындармен тығыз байланыс орнатқан.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде:

  • 2025 жылы – 16 қылмыс тіркелсе,

  • 2026 жылы – 2 қылмыс тіркеліп, барлығы ашылды.

Профилактикалық есептегі азаматтар саны 29-дан 21-ге дейін төмендеді.

Отбасылы, 5 баланың әкесі. Ел тыныштығын сақтауды басты міндеті санайтын тәртіп сақшысы халық сенімін ақтап келеді.


https://www.instagram.com/tupkaragan_polisia_bolimi/reel/DVQqfWQArd8/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1171858?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді