
Маңғыстау туризм колледжі Маңғыстау облысының туризм басқармасы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бірлесіп, полиция қызметкерлеріне арналған 36 академиялық сағаттық ағылшын тілі курсын ұйымдастырып, сәтті аяқтады.
Оқу бағдарламасы аясында қатысушылар кәсіби қызметте қажетті базалық тілдік дағдыларды меңгеріп, шетелдік туристермен тиімді қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін арттырды. Сабақтар барысында қызметтік жағдайда жиі кездесетін диалогтар мен терминдерге басымдық берілді.
Аталған жоба – өңірдегі туризм саласын дамытуға, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Барлық қатысушыларға алдағы қызметтеріне табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1171862?lang=kk

Жауап қалдыру