Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт басшыларына осы қиын-қыстау кезеңде аталған елдердің халықтарымен шынайы қолдау мен ынтымақ білдіре отырып, жеке жолдауларын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін достық және бауырлас мемлекеттердің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери іс-шараларды қатаң айыптады.

“Біздің еліміз барлық күрделі халықаралық мәселелер мен қарулы қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешуді үнемі қолдайды”, — делінген Президент жолдауында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы  Қазақстанға бауырлас араб елдеріне кез келген қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екенін және олардың жоғары басшыларымен тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға үміттенетінін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1171921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді