Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қатар Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған ақпараттық хабарлама!

Қазіргі уақытта Доха қаласындағы жағдай Қатар Мемлекеті билігінің толық бақылауында. Құзыретті органдар азаматтар мен ел қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі ахуалды тұрақты түрде бақылап отыр және Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекетінің құзыретті органдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарына жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау, сабырлық танытып, дүрбелеңге берілмеу, аса қажеттілік болмаса қалаға шықпау, сондай-ақ азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттардың қорын алдын ала қамтамасыз ету ұсынылады.

Жағдайдың одан әрі ушығуы және Қатар – Қазақстан бағытындағы әуе рейстерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, Елшілік Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде қажет болған жағдайда эвакуациялық рейстер ұйымдастыруды қарастырады.

Азаматтарды есепке алу және деректерді өзектендіру мақсатында келесі WhatsApp нөмірлерінің біріне ақпарат жолдауларыңызды сұраймыз:

+974 5177 7020
+974 6646 7921
+7 776 998 5321
+974 5064 9955

Хабарламада келесі мәліметтерді көрсету қажет:

– Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
– Қатардағы болу мәртебесі (турпакетпен келген турист / турпакетсіз турист / транзиттік жолаушы / теңіз лайнерінің жолаушысы / резидент);
– Қонақүй атауы (немесе нақты тұратын мекенжайы);
– Паспорт нөмірі;
– ЖСН;
– Байланыс деректері (WhatsApp қолжетімді телефон нөмірі).

 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда Елшілікке келесі «жедел желі» нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
+974 5064 9955
+974 5100 0733

Қосымша ақпарат уақытылы хабарланатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1171869?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді