Айбек Дадебай: Президент жаңа Конституция мәтінін дайындауға жеке өзі қатысқан

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дадебай Мемлекет басшысының жаңа Конституция жобасын әзірлеу жұмысына айрықша, басымдық берілген назар аударғанын атап өтті.

«Президент бұл жұмысқа арнайы уақыт бөліп, ең белсенді түрде қатысты. Ол азаматтардан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық ұйымдардан түскен конструктивті ұсыныстармен жеке өзі танысып, мұқият зерделеді. Одан кейін кеңесшілер мен сарапшылармен бірлесе отырып, Ата Заңның кіріспесін, бөлімдері мен баптарын дайындау және редакциялау жұмыстарын тиянақты жүргізді», — деді ол.

🗣 Айбек Дадебайдың айтуынша, соңғы жарты жылда Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа бойынша жұмыс тобының өкілдерімен және Конституциялық комиссия басшыларымен аптасына кемінде бір рет тұрақты түрде кездесулер өткізген. Бұл кездесулердің кейбірі бір сағаттан астам уақытқа созылған.

«Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Президент Конституция жобасын әзірлеуге ерекше мән берді. Жаңа Конституция жобасының мәтінінде оның саяси бағытының негізгі қағидаттары, қоғам мен мемлекетті дамытуға қатысты көзқарастары мен ұстанымдары толық көрініс тапқан. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы — жаңа Конституцияның басты авторы екені сөзсіз», — деп атап өтті Президент Әкімшілігінің басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1172913?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді