Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті.
Ауқымды шара «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметі аясында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке 5 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында жастар, қоғам өкілдері және сауда-ойын-сауық орталығының келушілері болды.

Концертте отандық эстрада жұлдыздары – Маржан Арапбаева, «Бәйтерек» тобы, Еркеш Хасен, Мәди Сыздықов, «Жошы» тобы, Зарина Божакова және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.

Сондай-ақ концертке Мәжіліс депутаттары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес пен жалпыұлттық коалиция штабының мүшелері де қатысып, көпшіліктің алдында сөз сөйледі. Олар Ата Заңының жаңа жобасындағы негізгі реформаларға тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту және қоғамдық бірлікті нығайту үшін маңызын түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-sukhanbai/press/news/details/1172232?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді