«Бала тәрбиесі — баршаның ісі» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

М. Әубәкіров атындағы орта мектебінде
Аналар кеңесінің төрайымы Менжамал Шотанбекованың ұйымдастыруымен
«Бала тәрбиесі — баршаның ісі» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — бала тәрбиесіндегі ата-ананың, әсіресе ананың рөлін айқындау, ұлттық құндылықтарды насихаттау және аналар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Іс-шараға округіміздегі алтын және күміс алқалы аналар қатысып, өз өмірлік тәжірибелерімен, бала тәрбиесіне қатысты құнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара барысында LED экран арқылы тәрбиелік бағыттағы интерактивті ойын ұйымдастырылды. Аталған ойын әлеуметтік педагог Дуйсебаева Назгуль Слямжановнаның жүргізуімен өтіп, аналардың белсенді қатысуына жол ашты.

Іс-шара аясында кітапхана меңгерушісі ұйымдастырған «Салт-дәстүр — тәрбие бастауы» атты кітап көрмесі ұсынылып, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптейтін әдебиеттер таныстырылды.

Кездесу мәдениет үйі қызметкерлерінің әсем әнімен көркемделіп, шараның мазмұнын байытып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Тәрбиелік мәні зор бұл кездесу аналардың бірлігі мен бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті тағы бір мәрте айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1172997?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді