Елордалық балуан Марлан Мұқашев халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Албания астанасы Тирана қаласында өткен Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық жарысында Қазақстан грек-рим күресі құрамасының өкілі, елордалық балуан Марлан Мұқашев (55 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жартылай финалда жерлесіміз Үндістан спортшысы Вишваджит Моремен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Марлан соңғы шешуші әрекеті арқылы есепті 12:12-ге теңестіріп, ереже бойынша соңғы нәтижелі қимыл артықшылығымен жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз беделді халықаралық рейтингтік турнирдің қола медалін иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1172284?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді