
«Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы
13 сәуірдегі № 137 бұйрығының 2-параграф 18-тармағына сәйкес, ХАБАРЛАНДЫРУ:
2025 жылғы дала жұмыстарына арналған мемлекет тарапынан бөлінетін дизель отынын таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық коммиссяның отырысына тиісті құжаттар топтамасын қабылдау 02.03.2026 жылдан басталады. Жоғарыда көрсетілген қағиданың 17-тармағына сәйкес келесі құжаттардың тізбесін ұсыну қажет.
Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (1 ұпай – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті тәжірибе, 2 ұпай – үш жылдан төрт жылға дейінгі тиісті тәжірибе, 3 ұпай – төрт жылдан бес жылға дейінгі тиісті тәжірибе, 4 ұпай – бес жылдан алты жылға дейінгі тиісті тәжірибе, 5 ұпай – алты немесе одан да көп жылдық тиісті тәжірибе);
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;
цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;
“Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің “Виртуалды қойма” модулін қолдану туралы растау. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032300)
Құжаттар топтамасы 2026 жылғы 2 және 5 ақпан аралығында қабылданады.
– Жұмысшы органның орналасқан жері: Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №119 үй
– Почталық мекенжай: 080008
– Байланыс телефонының номері: 8 (7262) 45-54-86
– Электрондық почта: cx455486@yandex.kz;
Комиссия отырысын 2026 жылғы 6 наурызда, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ғимаратында өткізу жоспарлануда.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (777) 845 30 95
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-auyl/press/news/details/1173136?lang=kk

Жауап қалдыру