Оралда «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 73 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Іс-шара барысында барлығы 73 кәмелетке толмағандардың заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда:

• Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін – 2;

• Кәмелетке толмағандардың жасаған бұзақылығы үшін – 4;

• Он сегіз жасқа толмағандардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі және алкогольдік ішімдіктерді пайдалануы бойынша – 1;

• Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болғаны үшін – 10;

• Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүргені үшін – 50 дерек тіркелді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 5 мекеменің әкімшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысын бақылауда ұстау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1173144?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді