
2026 жылғы 6 қаңтарда Департамент басшысы Т.Г. Идрисовтың төрағалығымен Департаменттің құрылымдылық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары, штаттан тыс қызметкерлері арасында “Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің” (бұдан әрі-ҚР ӘРПК) талаптарын сақтау тақырыбында оқыту өткізілді.
Оқыту барысында жеке және заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) өтініштерін қарау бойынша ҚР ӘРПК-нің талаптары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-mangystau/press/news/details/1173113?lang=kk

Жауап қалдыру