А.ӘЛНАЗАРОВА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МАЖ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен Мемлекет басшысының саланы тереңдетілген цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жеке медициналық ақпараттық жүйелер (МАЖ) өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар медициналық ақпараттық жүйелерді медициналық деректердің бірыңғай қоймасымен (МДБҚ) интеграциялау мәселелерін талқылады. Министр ақпараттық деректер базасының бытыраңқылығын жою жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

АТ-компаниялардың өкілдері мен Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді департаменттерінің мамандары деректерді синхрондаудың техникалық аспектілерін пысықтады. Атап айтқанда, ақпаратты беру хаттамалары бойынша нақтылау және сервистерді тестілеудің ағымдағы мәртебесі талқыланды.

Тараптар медициналық көмекті ашық қаржыландыру үшін негіз болатын деректердің объективтілігін және түпкілікті бақылауды қамтамасыз ету үшін жүйелерді қажетті пысықтау туралы пікір алмасты.

Кеңес қорытындысы бойынша туындайтын мәселелерді жұмыс тәртібімен жедел шешу қажеттілігі атап өтілді.

Министрлік интеграциялық процестерді уақтылы аяқтау үшін әзірлеушілерге әдіснамалық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Талқылауға Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының (РЭДО) басшылығы, сондай-ақ Damumed, «Авиценна», «Надежда», «Акгюн»компанияларының және нарықтың басқа да қатысушыларының өкілдерін қоса алғанда, АТ-ұйымдарының басшылары қатысты.

Ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс ҚР Президентінің медициналық деректердің бірыңғай қоймасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізіліп жатқанын естеріңізге сала кеткен жөн. Бұл шара деректердің қайталануын болдырмауға, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге және пациенттердің шоғырландырылған электрондық медициналық картаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1173879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді