Air Astana әуекомпаниясы Медина және Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті ұшу рұқсаттары алынған жағдайда, Air Astana әуе компаниясы 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр. Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер бойынша жүзеге асырылады.

Авиациялық билік органдары жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастырып, репатриациялық рейстердің орындалуына жан-жақты қолдау көрсетуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1173195?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді