Аудан әкімі Е. Карентаев Қазпошта және Қазақтелеком қызметкерлерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Е. Карентаевтың төрағалығымен «Қазпошта» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ аудандық бөлімшелерінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын кеңінен түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Жиынның басты мақсаты – елімізде ұсынылып отырған конституциялық реформалардың мазмұнын түсіндіру, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарына тоқталу және олардың қоғам өміріне тигізер ықпалын талқылау болды.

Кездесу барысында аудан әкімі Конституция жобасында көзделген жаңашылдықтарға жан-жақты тоқталып, реформалардың елдің одан әрі тұрақты дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, заң үстемдігін қамтамасыз ету, билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайту және халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері қозғалды.

Аудан басшысы өз сөзінде ұсынылып отырған өзгерістердің қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын бекемдеуге, ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға ықпал ететінін ерекше атап өтті. Бұл реформалар – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі екені айтылды.

Жиын барысында Қазпошта және Қазақтелеком қызметкерлері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, Конституция жобасының жекелеген нормаларына қатысты пікірлер білдірілді. Әрбір сұраққа нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтіп, ел болашағы үшін ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты қолдау қажеттігін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1173967?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді