Басқарма басшылығы полицейлерге кезекті арнаулы атақтарын табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полицей деген атқа кір келтірмей, антынан айнымай, сертінен таймай ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген қызметкерлер аз емес. Осы орайда, әр аптаның дүйсенбі күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Садыбеков Мақсат Тұрымханұлының қатысуымен саптық жиын өткізілді. Саптық шеру барысында қызметкерлердің саптық даярлығы пысықталып, командаларды орындау кезіндегі реттілік пен тәртіпке ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң сақтау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жиын барысында бірқатар қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтары салтанатты түрде табысталды. Бұл – олардың кәсіби шеберлігі мен адал еңбегінің лайықты бағасы. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге кірісетін полиция қызметкерлеріне қаладағы жедел ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат беріліп, нақты тапсырмалар мен бағдарлар таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1173201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді