
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Бестамақ ауылында арықтар мен су өткізу жүйелерін қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Атқарылып жатқан жұмыстар:
Ауыл ішіндегі негізгі арықтар мен каналдарды қалың қардан аршу;
– Су өткізгіш құбырлардың өткізу қабілетін тексеру және тазалау;
– Қауіпті аймақтардан қарды сыртқа шығару.
Бұл шаралар еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, тұрғын үйлер мен аулаларды су басу қаупін сейілтуге бағытталған. Ауыл тазалығы мен қауіпсіздігі — басты назарда!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1173550?lang=kk

Жауап қалдыру