Cталкинг жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Мамадалиевтің ұйымдастыруымен ұжым қызметшілерімен арнайы кездесу өткізілді.

            Кездесуде сталкинг жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

Сталкинг – бұл адамның еркіне қарамастан жасалатын қайталанатын қоңыраулар, хабарламалар, аңду, қатынасуға талпыныстар, әлеуметтік желілер арқылы бақылау және басқа да қудалау түрлері болып табылатыны, олар психологиялық зиян келтіріп, адамға қауіп төндіретіні жөнінде сөз болды.

Сондай-ақ, кездесу барысында қауіпсіздік жоспарын ойластыру, қудалаудың әрбір дерегін тіркеу, құқық қорғау органдарына хабарласу, сталкингтің қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, жаза ретінде айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе қамау көзделгені, ҚР Конституциясы әрбір адамға жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және қауіпсіздік құқығын кепілдендіретіні, қудалау – норма немесе «жеке іс» емес, бұл заңды бұзу болып табылатыны жөнінде түсіндірілді.

#Qurmet

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1173256?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді