Департаменттың жарқын шуағы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы ТЖД ұжымында еңбегі көпшілікке көріне бермегенімен, бүкіл қызметтің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын жандар бар. Солардың бірі — ТЖД қойма меңгерушісі Валерия Валентиновна Базалей. 2022 жылдан бастап Валерия Валентиновна азаматтық қорғау жүйесінде еңбек етіп келеді. Оның міндетіне материалдық-техникалық құралдарды қабылдау, сақтау және уақтылы беру кіреді. Оның ұқыптылығы, мұқияттылығы мен талапшылдығы бөлімшелердің жедел жұмысына тікелей әсер етеді. Валерия Валентиновна өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап, жоғары ұйымдастырушылық қабілет, тәртіптілік және жауапкершілік танытады. Базалей Валерия Валентиновна — Департаменттің нағыз жарқын шуағы, өз еңбегімен өңір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып жүрген жан.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1173680?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді