
2026 жылы Digital Almaty халықаралық алаңы Digital Qazaqstan болып өзгеріп, ел экономикасы мен өңірлерді дамытуға, сондай-ақ практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форумға айналады.
Digital Qazaqstan өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне тартып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасай отырып, Қазақстанның әртүрлі қалаларында жүйелі түрде өткізіледі.
📍 Digital Qazaqstan форумы өтетін алғашқы қала — индустриялық және экономикалық әлеуеті зор маңызды өңірлік орталық Шымкент қаласы.
📅 2026 жылғы 27 наурыз
@digital_qazaqstan қатарына қосылып, еліміздің цифрлық болашағын құруға өз үлесіңізді қосыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1174076?lang=kk

Жауап қалдыру