Ескелді ауылдық округінде «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында алдын алу шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ескелді ауылдық округінде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында алдын алу шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қаратал ауданы полиция бөлімі қызметкері — ҚҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ инспекторы, полиция лейтенанты Әбдібеков Ахметали Нұрланұлы арнайы шақырылып, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллингтің алдын алу, онлайн алаяқтықтан сақтану және жеке деректерді қорғау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар нашақорлықтың зияны, оның құқықтық жауапкершілігі және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы маңызды ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1173427?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді