НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАҢА ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
▪️Түркістан облысында индустриялық-инновациялық даму бағытына айрықша басымдық берілуде. Өңірде заманауи өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті Инвестициялық штаб отырысында жаңа зауыттардың іске асырылу барысы жан-жақты талқыланды.
▪️Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысты. Күн тәртібінде инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және бастамашы жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асыру мәселелері қаралды.
▪️Облыс әкімі әр инвестормен жеке тілдесіп, жобалардың қазіргі жағдайын және туындаған өзекті мәселелерін тыңдады. Инфрақұрылым тарту, жер телімдерін рәсімдеу, инженерлік желілерге қосылу, логистика және мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша нақты тапсырмалар берілді.
📌– Әр инвестормен жеке жұмыс істеу – ашықтық пен жауапкершіліктің көрінісі. Бұл – барлық деңгейдегі әкімдерге қойылатын басты талап. Инвестициялық жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асуы қатаң бақылауда болады. Біздің басты мақсатымыз – Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту. Әрбір жоба – жаңа жұмыс орны, жаңа мүмкіндік. Әрбір инвестициялық жобаның табысты іске асуы үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуіміз керек. Ашықтық – басты қағидатымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, нақты әрі жоғары жауапкершілік жүктеді. Облыста осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырып, арнайы экономикалық аймақтарды экономикалық өсім мен инвестиция тартудың нақты драйверіне айналдыруға күш саламыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1173457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді