
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен «Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселелеріне арналған кездесуге қатысты.
Жиынға ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров, құқық қорғау органдарының басшылары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау жүйесінің кәсіби әлеуетін арттыру, ғылым мен практиканың сабақтастығын күшейту, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қатысуымен жасалатын құқықбұзушылықтардың профилактикасы бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысында қатысушыларға «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде қамтамасыз ету – құқықтық мемлекет құрудың және қоғам тұрақтылығының негізгі шарты екенін жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1173624?lang=kk

Жауап қалдыру