
✔️Бүгін аудан аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.
✔️Жиынның күн тәртібіне бірқатар маңызды мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, заңсыз салынған құрылыс нысандарын анықтау және ауданның сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар қаралды. Бұл мәселе бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Аудан әкімі заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етіп, елді мекендердің сәулеттік келбетін жүйелі түрде ретке келтіруді тапсырды.
✔️Келесі кезекте 2026 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары мен іске асыру бағыттары талқыланды. Бұл бойынша Шұбар ауыл округінің әкімі Мұрат Елшібеков баяндап, жоспарланған жобалар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде мәлімет берді. Аудан басшысы жоспарлардың нақты әрі нәтижеге бағытталған болуын, әрбір жобаның уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алуды жүктеді.
Сонымен қатар, 2026 жылы инвестиция тарту жоспарының іске асырылуы туралы мәселе қаралып, барлық ауыл округі әкімдерінің есептері тыңдалды. Инвестициялық жобаларды көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.
Қосымша мәселелер ретінде қоғамдық-саяси ахуал жағдайы қаралды. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімдері белгіленді.
✔️Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Азат Оралбаев әрбір тапсырманың мерзімінде орындалуы басты назарда болатынын айтып, жауапты тұлғаларға жұмысты жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1174113?lang=kk

Жауап қалдыру