ОРДАБАСЫ – ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ОШАҒЫ: АУДАНДА ТӘУЛІГІНЕ 450 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫШ ӨНДІРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌Ауданымыз бүгінде тек аграрлы өңір ғана емес, әртараптанған өндіріс пен құрылыс индустриясы дамыған аймақтардың біріне айналып келеді. Аудан аумағында кірпіш өндіру бағытында 20-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Бадам ауылдық округі мен оған іргелес аумақтарда шоғырланған.
📌Аталған кәсіпорындардың жобалық қуаттылығына сәйкес, Ордабасы ауданында тәулігіне шамамен 450–500 мың дана кірпіш өндіруге мүмкіндік бар. Оның ішінде ірі өндіріс орындарының бірі – «Bokei» ЖШС тәулігіне 100 000 дана кірпіш шығарса, «Аламан М.К.» ЖШС – 35 000 дана, «Nur-Brick», «Айтжан и ТТ», «КазгранитБадам» сынды серіктестіктер 20 000 данаға дейін өнім өндіреді. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері тәулігіне 8 000–15 000 дана аралығында кірпіш шығарып, индустрияға өзіндік үлесін қосып отыр.
📌Жылдық өндірістік әлеуетті есептегенде (маусымдық кезеңді ескере отырып), аудан бойынша 120–150 миллион данаға дейін кірпіш өндіруге мүмкіндік бар. Бұл көрсеткіш Ордабасы ауданын Түркістан облысындағы құрылыс материалдарын өндіретін жетекші аудандардың қатарына қосады.
📌Өндірілген өнім негізінен жергілікті нарыққа бағытталғанымен, өзге өңірлер мен облыс аумағындағы құрылыс нысандарына да кеңінен жеткізіледі. Соңғы жылдары өңірде тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалар қарқын алғанын ескерсек, аудан кәсіпорындарының өніміне сұраныс жоғары.
📌Қазіргі таңда бірқатар зауыттар қысқы маусымға байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан. Дегенмен көктемгі-құрылыс маусымы басталысымен өндіріс қайта жанданып, толық қуатында іске қосылады.
📌Ордабасы ауданындағы құрылыс индустриясының дамуы – жергілікті кәсіпкерліктің белсенділігін, табиғи шикізат қорын тиімді пайдаланудың және инвестициялық ахуалдың қарқынды қадамын көрсетеді. Кәсіпорындар жүздеген азаматты тұрақты жұмыспен қамтып, аудан бюджетінің кіріс бөлігін арттыруға үлес қосуда.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1174119?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді