Отбасы құндылықтарын дәріптеген тағылымды кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аққулы ауданында мектептердің «Даналық мектебі» ата-аналар клубтарының ұйымдастыруымен маңызды кездесу өтті.

Кездесуге белгілі қоғам қайраткері, «Тең – теңге» қабылдаушы ата-аналар клубының жетекшісі Сипатилова Салтанат Муратовна арнайы қатысты.

Аталған клуб алты жыл бойы нәтижелі жұмыс жүргізіп, бүгінде Қазақстан бойынша 350-ден астам қабылдаушы отбасын біріктіріп отыр. Ұйымның басты мақсаты – қабылдаушы ата-аналарға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және отбасы құндылықтарын нығайтуға үлес қосу.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, бала тәрбиесі, психологиялық қолдау, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Әр клуб мүшесі өз өнерлерін көрме түрінде паш етті.

Салтанат Муратовна өз тәжірибесімен бөлісіп, қабылдаушы отбасылармен жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер ата-аналар қауымдастығын біріктіріп, өзара қолдау мен түсіністікті арттыруға ықпал ететіні ерекше атап өтілді.

Бұл жүздесу – отбасы институтын нығайтуға, бала мүддесін қорғауға және мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған игі бастамалардың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1173713?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді