
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Сіз өзіңіздің референдум учаскеңіз туралы ақпаратты келесі тәсілдер арқылы ала аласыз:
– PVLSailau_bot телеграм-ботындағы сайлау учаскесін іздеу қызметі арқылы;
– 2GIS қосымшасы арқылы:
1) іздеу жолағына «сайлау учаскелері» деп жазсаңыз, картадан елді мекеніңіздегі барлық сайлау учаскелерін көре аласыз;
2) кез келген тұрғын үйді басу арқылы «қызметтер» бөлімінен осы үй бекітілген сайлау учаскесіне сілтемені көре аласыз.
Павлодар облысының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдумға қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1173511?lang=kk

Жауап қалдыру