САРЫАҒАШ: БЮДЖЕТТІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың  төрағалығымен бюджеттік комиссия отырысы өтті. Жиынға ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ ауданға қарасты дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

 

Күн тәртібінде 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды. Отырыста қала мен ауылдық округтердің, сондай-ақ дербес бөлімдердің бюджеттік өтінімдері мен ұсыныстары жан-жақты талқыланып, әрбір бағыт бойынша қаржыландыру көлемі сараланды. Басым жобалар айқындалып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес қажетті түзетулер енгізілді.

 

Аудан басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану — басты міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ әрбір тиынның заң талаптарына сәйкес және ашық игерілуі қатаң бақылауда болатынын жеткізді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1173612?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді