ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында «Инфекциялық аурулар бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара инфекциялық аурулардың қазіргі жағдайын және иммунопрофилактика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.

Жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова қатысты.

Конференция жұмысына республикалық деңгейдегі жетекші мамандар қатысты: Динагүл Баешева – медицина ғылымдарының докторы, Астана медициналық университетінің инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ бас балалар инфекционисті, Республикалық инфекционистер қоғамының төрағасы, сондай-ақ Латина Текебаева – медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, ҚР ДСМ бас балалар невропатологы (онлайн форматта) қатысты.

Аталмыш жиынға Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданынан 80 дәрігерлер мен бас орынбасарлары, инфекционистер, балалар невропатологтары және иммунологтар бар.

Конференцияның негізгі мақсаты – елдегі инфекциялық қызметтің қазіргі жағдайын, республикалық және өңірлік эпидемиологиялық ахуалды талқылау, сондай-ақ 2026 жылға арналған болжамды әзірлеу. Айрықша назар инфекциялық аурулардан халықты қорғау, диагностика, емдеу және профилактиканы жетілдіру мәселелеріне, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті нығайтуға аударылды.

Іс-шараның модераторы Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері, денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисті Сағыныш Нұрғабылова болды.

Айжан Есмағамбетова өз сөзінде конференция тақырыбы қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен инфекциялық аурулардың таралу қаупі жағдайында аса өзекті екенін атап өтті. Ол медициналық қауымдастыққа алдын алу шараларын күшейту және эпидемиологиялық қауіптерге дер кезінде жауап беру үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар, қатысушылардың тәжірибе алмасып, кәсіби білім мен дағдыларын жетілдіруі ерекше назарға алынды.

Динагүл Баешева вирусологиялық инфекциялардың клиникалық ерекшеліктерін, соның ішінде тұмау мен қызылшаны, сондай-ақ әлемдегі Нипах вирусының эпидемиологиялық ахуалын баяндады. Латина Текебаева балалар невропатологының иммунопрофилактикадағы рөлін және неврологиялық патологиялар кезінде вакцинацияға медициналық қарсы көрсеткіштерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, Жамбыл облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нейли Мүлікова да өз баяндамасымен қатысып, маңызды ақпараттарды ортаға салды.

Конференция барысында инфекциялық қызметтің қазіргі жағдайы, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал, 2026 жылға арналған инфекциялық аурулардың болжамы, халықты қорғауға бағытталған шаралар, сондай-ақ әлеуметтік маңызды инфекцияларды, оның ішінде ЖРВИ, тұмау, қызылша және басқа да ауруларды диагностикалау, емдеу және профилактикалаудың ерекшеліктері талқыланды. Биологиялық қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.

Профилактикалық егулерден медициналық қарсы көрсеткіштер негізінде бас тарту мәселесі, әсіресе неврологиялық көрсеткіштер бойынша өзектілігін сақтап отыр. Балалар әлі де қызылша және басқа инфекциялық ауруларға шалдығып жатыр. Оларды уақытылы вакцинациялау арқылы қорғауға болатын еді, алайда түрлі себептер – уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе екпені кейінге қалдыру жөніндегі ұсыныстар – олардың әлі де қорғалмаған күйінде қалуына әкеліп отыр.

Сондай-ақ, инфекциялық патологиялар кезінде жүкті әйелдерді емдеу және диагностика жүргізу алгоритмдерін сақтау мәселесі маңызды болып қала береді, әсіресе ЖРВИ, тұмау, қызылша сияқты аурулар жағдайында.

Конференцияның қорытындысы бойынша өңірлік мамандар каскадтық әдіспен ұқсас оқыту семинарларын өткізіп, барлық медициналық қызметкерлерге практикалық қолдануға арналған презентациялық, аналитикалық және әдістемелік материалдарды жеткізеді. Бұл іс-шараның жоғары практикалық маңызы атап өтіліп, Жамбыл облысындағы инфекциялық қызметті әрі қарай дамыту бағытында басымдық берілетін салалар анықталды. Сонымен қатар, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға арналған нақты ұсыныстар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1173928?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді