
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жамбыл ауылдық округіндегі тұрғын үйлерде жылыту маусымына байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қыс мезгілінде тұрғын үйлер мен ғимараттарда жылу көздерін пайдалану артады. Пеш, электр жылытқыштары және газ қондырғылары тұрмысқа қажет болғанымен, оларды дұрыс пайдаланбау өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Түсіндіру барысында мамандар тұрғындарға пешті қауіпсіз пайдалану, электр желілерінің жарамдылығын бақылау, газ жабдықтарын дұрыс қолдану және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керектігі айтылды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1173702?lang=kk

Жауап қалдыру