
Алматы қаласында «Қалқан» V қысқы республикалық спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа Ақмола облысынан Щучинск қаласындағы Жоғары педагогикалық колледжінің студенттер командасы қатысты.
Жарысқа еліміздің 15 облысынан келген студенттер спорттың келесі түрлері бойынша бақ сынасты: пневматикалық мылтықтан ату, турникке тартылу (ұлдар), шалқасынан жатып денені көтеру (қыздар), шаңғы жарысы.
Тартысты дода қорытындысы бойынша біздің спортшылар жоғары нәтижелер көрсетті.
Жеке есепте жүлдегер атанғандар:
– Максим Гучинский – шаңғы жарысынан 2 орын, үшсайыс қорытындысы бойынша 2 орын;
– Мария Жигулина – пневматикалық винтовкадан атудан 3 орын, шаңғы жарысынан 1 орын, үшсайыс қорытындысы бойынша 2 орын;
– Андрей Ерещенко – үшсайыс қорытындысы бойынша 3 орын.
Команда өкілі – Мухамеджанов Қ.М.
Жалпы командалық есеп бойынша 2-орынды иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар, медальдар және кубоктар табысталды.
Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1174414?lang=kk

Жауап қалдыру