
Ақтау қаласында «Мамандандырылған арнайы халыққа қызмет көрсету орталығынан бастап «Нұрас» жанармай құю станциясына дейінгі 5 шақырым автомобиль жолын реконструкциялау» жобасы жалғасады.
Осыған байланысты 2026 жылғы 4 наурыздан бастап Шотан батыр ескерткіші маңынан «Әсел» АГЗС аумағына дейінгі жол учаскесінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай аталған бөлікте қозғалыс уақытша жабылады.
Бекітілген сызбаға сәйкес айналма жол ұйымдастырылады. Жұмыстар кезеңінде айналма жолда жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу (тыйым) қойылады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытып, қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1174864?lang=kk

Жауап қалдыру