Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін мерекелеу қарсаңында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ІІМ ҚАЖК № 74 мекемесінің қызметкерлері “Ауғанстанның Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер одағы” қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасын құттықтады.
Кездесу барысында белсенді азаматтық ұстанымы, жастарды патриоттық тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі, ардагерлерді қолдауы және көпжылдық қоғамдық қызметі үшін алғыс сөздер айтылды. Ұйымның мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайтудағы және әлеуметтік бастамаларды іске асырудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Мекеме өкілдері зор денсаулық, амандық, қоғамдық жұмыста одан әрі табыс және қоғам игілігі үшін жаңа жетістіктер тіледі.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1174280?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді