Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы, сонымен қатар сталкинг бойынша түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 3 наурызда «Ұзақбай Құлымбетов атындағы  №64 жалпы білім беретін орта мектепте еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Жұмыс берушінің қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру, қызметкерлерге нұсқама өткізу, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар
, жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, еңбекте кемсітушіліктер бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы М. Саганаев қатысып, жастар арасында еңбек құқығының бұзылуының алдын алу, кемсітушілікке жол бермеу тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1174294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді