ХАБАРЛАНДЫРУ
«Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ғылымның басым бағыттары бойынша жобаларды қабылдайды.
- Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану:
а) ауа сапасының өзекті мәселелерін зерттеу.
Жобаны әске асыру мерзімі – 30 ай (жұмыстардың басталуы күнтізбелік жоспар бойынша – 2026 жылғы шілде).
Жобаны іске асыруға қажетті сұратылатын қаржы көлемі –
2026 жылға – 40 млн теңгеден аспайды, 2027 жылға – 40 млн теңгеден аспайды, 2028 жылға – 40 млн теңгеден аспайды.
- Өмір және денсаулық туралы ғылым:
а) пәнаралық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер.
Жобаны іске асыру мерзімі – 18 ай (жұмыстардың басталуы күнтізбелік жоспар бойынша – 2026 жылғы шілде).
Жобаны іске асыруға қажетті сұратылатын қаржы көлемі –
2026 жылға – 20 млн теңгеден аспайды, 2027 жылға – 30 млн теңгеден аспайды.
- Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту:
а) фитосанитария.
Жобаны іске асыру мерзімі – 24 ай (жұмыстардың басталуы күнтізбелік жоспар бойынша 2026 жылғы шілде).
Жобаны іске асыруға қажетті сұратылатын қаржы көлемі –
2026 жылға – 40 млн теңгеден аспайды, 2027 жылға – 60 млн теңгеден аспайды.
Жобаларды қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.
Е-mail: upiir.turkistan@mail.ru
Байланыс нөмері: 8 (72533) 5-93-61
Қажетті құжаттар тізімі:
- Инвестициялық жобаның атауы.
- Жобаны енгізу және тарату саласы (қосалқы саласы).
- Жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттарын және мәнін, жоба нәтижелерінің нақты қолданылуы, осыған ұқсас жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесін баяндау).
- Жобаның іске асыру мерзімі (айлар бойынша).
- Жобаның басталған және аяқталған күндері.
- Сұратылған қаражаттың соммасы (теңге).
- Өтініш берушінің атауы, мекенжайы, телефон нөмері, электрондық поштасы.
- Өтінім берушінің байланыс жасау тұлғаларының аты-жөні, мекенжайы, байланыс нөмері, электрондық поштасы.
- Жобаның жетекшісі (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері) –
аты-жөні, лауазымы, телефон нөмері, электрондық поштасы. - Жобаны іске асыруға қатысатын субъектілердің атауы, мекенжайы, телефон нөмері, электрондық поштасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-industry/press/news/details/1175094?lang=kk

Жауап қалдыру