
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы және білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес 2026 жылдың 27 ақпан күні Аққулы ауылының «Айналайын» сәбилер бақшасының облыстық-құзыреттілік орталық базасында «Бақытты бала» жобасы шеңберінде «Мектепке жасына дейінгі балаларды мамандықтар әлемімен таныстыру: тиімді әдістер мен тәжірибелер» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында тәжірибелік интенсивтың ұйымдастыру іс-әрекетте «Айналайын» сәбилер бақшасының тәрбиешілері Темиржанова К.А., «Мамандықтар қалашығы» және Кауметова Ж.М., эксперименттік-шығармашылық зертхана «Бау-бақшадағы еңбек» тақырыптарында өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Шығармашылық интенсивта бөлімінде «Айналайын» сәбилер бақшасының тәрбиешілері М.Т.Аубакирова «Жасанды интеллект пен QR-код: білім беруде заманауи мүмкіндіктер», А.Ж. Рахимова «Зергерлік шеберхана бағыты бойынша «Шебер қол – зерек жүрек», Тлектес ЖОББМ мектепалды сынып тәрбиешісі А.Т. Нургазина «Робототехника – заманауи мамандықтарға бастар көпір», «Айгөлек» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Таңмұрат Ділнұр «Кәсіптер керуені: мамандықтар әлемімен таныстырудың тиімді тәсілдері» және Потанин ЖОББМ мектепалды сынып тәрбиешісі Г.Б.Оспанова «STEAM технологиясы бойынша «Мамандықтар әлемі» шебер сыныптар ұйымдастырды.
Тақырыптық -көрме – шебер сағаттар бөлімінде «Айголек» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі, «Айналайын» сәбилер бақшасының тәрбиешілері дидактикалық ойындардың көмегімен және білім беру процесінде цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы балалардың ойлау қаблеттерін айта өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында педагогтер жоба бағыттары бойынша ұйымдастырылған жұмыстар: «Құрылыс алаңы», «Бау-бақшадағы еңбек», «Зергерлік өнер», «Тігінші шеберханасы», «Жас аспазшылар» және жалпы мамандықтар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Әр бағытта балалар рөлдік ойын, зерттеу және тәжірибелік әрекет арқылы мамандықтар әлемімен танысты. Педагогтер заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, еңбекке қызығушылықты, жауапкершілікті және шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталған мазмұнды жұмыс көрсетті.
Семинарға Ақсу, Шарбақты ауданы және Аққулы ауданынаң 40-астам педагог қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1174490?lang=kk

Жауап қалдыру