
2027 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын лицензиялауды енгізуге дайындық шеңберінде бүгін онлайн-форматта (Zoom платформасы арқылы) кезекті семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға департамент басшысы З.Б. Гумарова, лицензиялау бөлімінің басшысы С.М. Жұмагерееев, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің № 268 бұйрығы талаптарына түсіндірме берілді. Аталған бұйрықпен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің № 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Сондай-ақ білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі түсіндірілді.
Лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру және консультативтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1175020?lang=kk

Жауап қалдыру