Серік Нәсіпқазыұлы Тілемесов Абай облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Серік Нәсіпқазыұлы Тілемесов 1991 жылы 13 ақпанда Семей облысы Үржар ауданы Үржар  ауылында дүниеге келген.

2012 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2014  жылы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Үржар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Үржар ауданы әкімінің көмекшісі болып еңбек етті.

Осы тағайындауға дейін Абай облысы Үржар ауданы әкімінің орынбасары болған.

2026 жылдың 4 наурызынан бастап Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1175103?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді