
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жұмысқа орналастырамын деп алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады. Анықталғандай, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырып беруге көмектесемін деген сылтаумен олардың ақшалай қаражатын иемденіп, кейін жасырынып жүрген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу 19 эпизод бойынша жүргізілуде. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады. Егер сіз күдіктінің әрекетінен жапа шеккен болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз. Полиция жұмысқа орналастыру немесе өзге де қызметтер үшін үшінші тұлғаларға ақшалай қаражат бермеу керегін ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1175121?lang=kk

Жауап қалдыру