🔰 САЙРАМ: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДАН САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Үстіміздегі жылдың 5 наурыз күні Департаментпен ұйымдастырылған арнайы «Түркістан облысы аумағында қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарының жасалуына “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес ауыл округтерінің әкімдері, жеке меншік мектеп, балабақша басшылары, кәсіпкерлер, білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен кездесу Сайрам ауданында жалғасты.
 
🔹 Кездесудің мақсатымен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Даулбайұлы қысқаша таныстыра өтіп, одан әрі Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы өз баяндама жасады.
 
🔹 Кездесу соңында Департамент өкілдері қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға заңға сәйкес жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1175642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді