
2026 жылғы 4 наурыз Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ғимаратында жолаушылар тасымалы саласындағы еңбек мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге «КаспийАвтоПарк» ЖШС және «Caspian Trans Corporation» ЖШС жұмыскерлері қатысты. Жиынға департамент басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Кемалов төрағалық етті.
Сондай-ақ кездесуге Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы төрағасы Серік Бекбергенов, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлім басшысы Қасымжан Серикұлы Қолхозов
«Маңғыстау өңіріндегі бастауыш кәсіподақтардың жергілікті кәсіподағы» «Киелі мекен» қоғамдық бірлестігі төрағасы Алмас Байболатов, аталған кәсіпорындардың басшылығы мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік әріптестік тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Мұндай кездесулер еңбек дауларының алдын алуға және жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1175309?lang=kk

Жауап қалдыру