
2026 жылғы 5 наурызда «Sofie Medgroup» (Софи Медгрупп) көпсалалы клиникасы» ЖШС-де еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Сейниханов Нурлан Кожагельдыулы және Шихы Айжан Алламұратқызы қатысты.
Іс-шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1175909?lang=kk

Жауап қалдыру