Алматылық спортшы қыздар U20 және U17 жас санаттары бойынша әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада U17 және U20 жас санатындағы спортшылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, алматылық спортшы қыздар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірнеше алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар U20 санатында командалық есепте бірінші орынды иеленді.

🥇 U17 санаты бойынша Қазақстан чемпиондары:
— Айару Ілияс (40 кг);
— Інду Баққожа (46 кг);
— Аянат Мейнамбай (49 кг).

🥈 U17 санаты бойынша күміс жүлдегер:
— Айша Талғатқызы (40 кг).

🥉 U17 санаты бойынша қола жүлдегерлер:
— Данаpа Дайырбекова (43 кг);
— Бибінұр Мағрұп (57 кг);
— Даяна Талғатқызы (73 кг);
— Әмина Серікбай (61 кг).

🥇 U20 санаты бойынша Қазақстан чемпиондары:
— Медина Қуанышбек (50 кг);
— Сәния Солтанғали (55 кг);
— Аида Әлжан (59 кг);
— Жаңыл Бекен (65 кг);
— Ұлдана Тілеухан (68 кг).

🥈 U20 санаты бойынша күміс жүлдегерлер:
— Еркежан Амангелді (45 кг);
— Шодиона Дильмуратова (55 кг);
— Бибінұр Мағрұп (57 кг);
— Нұрайым Саяхмет (65 кг).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1175882?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді