
Облыстық жалпыұлттық коалиция мүшесі Ф.Жунусова мен аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері И.Спаналиева, Б.Ақбаев көпбалалы отбасы аналарымен ерекше форматта кездесу өткізді. Жылы жүздесу ашық пікір алмасу алаңына айналып, аналардың қоғамдағы рөлі мен ел дамуына қосар үлесі кеңінен сөз болды.
Кездесу барысында референдумның тарихи маңызы, оның ел ертеңіне әсері жан-жақты түсіндірілді. Аналар өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік қолдау, бала тәрбиесі, отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы ұсыныстарын білдірді.
Жиын соңында коалиция мүшелері әрбір дауыс – болашаққа жасалған қадам екенін атап өтіп, аналарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. Аналардың аманаты – ұрпақтың жарқын келешегі екені ерекше айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1175791?lang=kk

Жауап қалдыру